Главная » Статьи » Статьи » По олимпиадам

«Анталия – 2011» халықаралық оқушылар олимпиадасы

«Анталия – 2011»

халықаралық оқушылар олимпиадасы

 

Анталия қаласында өткен халықаралық деңгейдегі оқушылар олимпиадасы – зияткерлік жоба, EDUANT Білім Орталығы Анталия қаласының  мэриясымен, Туркия, Ресей, Қазақстан ақпарат орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Жыл сайын аталмыш олимпиадаға Ресей, Туркия, Қазақстан, Украина және Белорусияның мектеп  оқушылары мен колледж студенттері  қатысады. Олимпиада әр түрлі пәндер бойынша өткізіледі. Сондықтан оқушылар математика, орыс тілі, ағылшын тілі, түрік тілі және география пәндерінен өз білімдерін сынға  салады.

Толығырақ айтатын болсақ, өткізілген Зияткерлік  олимпиада тек қана пәнге байланысты емес, олимпиада бағдарламасына  қосымша спорттық ойын-сауық іс-шаралар, әртүрлі сайыстар, ойындар, Анталия қаласының білім  мекемелеріне танымдық саяхаттар ұйымдастырылды.

24-29 қазан айында Туркияның Анталия қаласында оқушылардың халықаралық  – 2011 олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Семей қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінен»  54 оқушы қатысты. Бастауыш сынып бойынша топ жетекшісі: Орехова Н.В., математика пәнінің мұғалімі Молдашева Г.Ш., география пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Г.А., ағылшын пәнінің мұғалімі Мажиков С.К. және Каус А.О., дене шынықтыру пәнінің мұғалімі                     Южаковым С.В. оқушыларды олимпиадаға басшылық жасап апарды.

Бұл жылы олимпиадаға Түрік Республикасы, Ресей, Қазақстан, Украйна және Әзірбайжан – барлығы 25 команда  қатысты, оның ішінде, ең үздік мектептердің жүйріктерін таңдалынған.

          Алғашқы байқау жарысы география пәнінен болды: теориялық және тәжірибелік бөлімі; біздің қатысушылар өздерін сенімді түрде көрсете білді: бірінші топтағы орта жастағылар – бұл 5-6 сынып оқушылары Шевченко Святослав 2-орын, Айтқазина Диляра 3-орын иеленді. 9-сынып оқушылары арасында Каскабаева Аяулым 1-орын, аға буын топтағы 10-11 сыныптан Сайфулин Эльмир 3-орын иеленді. Тәжірибиелік сатыда география мен туризмнен Семей қаласындағы ФМБ  Назарбаев Зияткерлік мектебінің  кіші жастағы топ оқушылары 3- орын иеленді. 

      География олимпиадасы ізінен соң математика, ағылшын тілі, орыс тілі олимпиадасы өтті, бұл кезде де біздің балалар өз деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.Математика пәні бойынша біздің қатысушылар 11 орын иеленді! Кіші топ жастағылар бойынша 4-сынып оқушысы Жерносек Даниял 1-орын, 3-сынып оқушысы Жакупова Наргиз 2-орын,Бессергенева Евгения және Мансуров Руслан 3- орын, Ракишева Алуа жүлделі орындарды иеленді.

5-8 сынып арасындағы орта буын тобындағы оқушылар да ерекше жетістіктер көрсетті:  Шматенко Анна – 1 орын, Құндақпаева Ақерке және Жулакова Аделина – 2 орын, Гысымбаева Диана және Дабаров Алдияр – 3 орын, Архатова Анель – жүлделі орын. 9-11 арасындағы жоғарғы буында: Каскабаева Аяулым – 1 орын, Оракбаев Ернур – 2 орын, Ахметжанова Зылқия и Жолдаспекова Айсұлу – жүлделі орын иегерлері.

Жарыс мәдени іс шаралар және қаланың назар аударарлық мәдени орындарын аралаумен кезектесіп өткізілді. Балалар Демре қаласында болып,  жартастардағы мүсін мазарларды және грек-рим театрын, Мира қаласындағы Әулие Николай шіркеуін көрді.  Тұңғиық Керков қаласын яхтадан тамашалап, яхтамен Дюден сарқырамасына барды. Анталиялық дильфинаряны және Анталияның ең үлкен сауда орталығы Тера Ситиді аралады.

       Математикалық турдан кейін Олимпиаданы ағылшын тілі білгірлерінің сайысы жалғастырды. Олимпиаданың нәтижесінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ағылшын тілінен 8 жүлделі орынға ие болды: Айтказина Диляра, 6 сынып оқушысы -  1 орын, Бессергенева Евгения 3 сынып оқушысы -  2 орын, Ракишева Алуа, Мансуров Руслан, Тюлегенов Есен, Шевченко Святослав, Тысымбаева Диана мен  Асылбекова Айдана, әр жастағы оқушылар тобы 3 - орынға ие болды.

Әрі қарай Олимпиаданы орыс тілі жалғастырды, мұнда 11 жүлделі орынға ие болғандар: Бессергенева Евгения, 3-сынып оқушысы, Жерносек Даниял, 4-сынып оқушысы, Белдеубаева Толкын, 6-сынып оқышысы және  Шматенко Анна, 8-сынып оқушысы  1 –орынды жеңіп алды, ал Ракишева Алуа мен Молдагалиева Жібек 2 орынды иеленді. 3 сынып оқушылары, Подлеснова Анастасия мен Отузбаева Алина сол сияқты Шестакова Екатерина 3 орын алды. Креативті ойлау қабілеті үшін Орехова Ксения мен Тысымбаева Диана жүлделі орын алды.

     Оқушылардың Анталия-2011 халықаралық Олимпиада қорытындысы бойынша Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тобы І орын жеңіп алды. 8-сынып оқушысы Шматенко Анна Анталия қаласындағы туризм мектебінде оқу грантын жеңіп алды, 4-сынып оқушысы  Жерносек Даниял Анталияда демалуға тегін жолдама алды. Біз олимпиададан жеңіспен оралған қатысушыларға өздеріне және  өз күштеріне сеніп, алдағы уақыттарда да шығармашылық және зияткерлік  жеңістерге жете берулерін  тілейміз!

 

Қазақ тілі  мен әдебиеті  кафедрасы

 

Категория: По олимпиадам | Добавил: Zhan (04.12.2011)
Просмотров: 1890 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: