Главная » Статьи » Статьи » Мои статьи

CӨЙЛЕУ ЭТИКЕТІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.

CӨЙЛЕУ ЭТИКЕТІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.

Сөз - адамның ортақ мәдениетiнiң, парасаттың, сөйлеу мәдениетiнің көрсеткiшi. Сондықтан сөздiң мәдениетiн меңгеріп оқу мен оны жетiлдiру мектеп шағынан басталады.

Тілді білу ол тек тіл ережелерін тану ғана емес, сондай-ақ оның нақты қарым-қатынасында қолдану заңдарын білуін де білдіреді.

Мемлекеттiк стандарттарында шет тiлiнің коммуникативті құзыры әлеуметтiк мәдениеті мен елтану білімімен тығыз байланыста дамиды. Шет тілін білу екінші қоғаммен таныс болуымен бірдей. Тiптi қоғамдық мәдениетінің негізін білмей дұрыс коммуникативті құзырын қалыптастыруға мүмкін емес. Осыған байланысты келесі қағиданы ұстану керек: тек қана мәдениет оның  әр түрлілігімен  жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізе алады. (Е. И. Пасов).

Басқа халқының мәдениетін тану тек тұлғааралық қатынасқа түсу үшін ғана емес, сондай-ақ сол халқының тарихын, әдебиетін, музыкасын, тілдің құрылу заңдарын, өзгешелігі мен айырмашылығын білуімен бірге жеке адамның рухани өмірі мен сыпайылықтың өсуіне қолайлы жағдайды туғызады.    

Этикет - тарихи құбылыс. Адамдардың мiнез-құлығының ережелерi қоғамның өмiр жағдайына, нақты әлеуметтiк ортаның динамикасына байланысты өзгередi. Мiнез-құлық сақтау ережелеріне баққұмарлық қана емес, сондай-ақ адам өмiрі де жиi тәуелдi болды. Ол Ежелгi Мысыр, Қытай, Рим, Алтын Ордада да болып, этикеттi бұзған тайпалар мен халықтардың арасында жиі қастық тіпті соғыстар да туатын. 

Этикет нақтылы әлеуметтiк функцияларды әрдайым орындады. Мысалы, шендерге, сословиелерге, тектiң атақтылығы, атақтарға, мүлiктiк жағдай бойынша қоғамның бөлiнуiн көрсеткен. Әсiресе бүгінгі бiздiң қиыр және таяу шығыстағы елдердің этикет ережелерi қатаң сақталуда.

ЭТИКЕТ (фр. etiquette – жарлық, этикетка) - адамдарға сыртқы әсер ету қатынастарына қатысты мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы (қоршағандармен қатынаса бiлу, сәлем беру, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, әдет және киiм).

Әйелдерге сыпайлықпен қарай білу, үлкендерді сыйлау, дастарқан басында өзін ұстай білу, сәлем беру мен әңгiменi жүргiзу ережелерін білу, мiнез-құлық, қонақтармен қатынаса бiлу, әр түрлi жағдайларына қатысты адамның киiмі сай болу талаптарын орындау (dresscode),- көрсетілген сыпайылығының барлық заңдары адамның адамгершілігін,  және адам арақатынасындағы қарапайым ыңғайлық пен еркіндік талаптарын көрсетеді.

Этикет: мағынасы мен оған ықпал ететiн факторлар
         Ағылшын тiлдi қоғамда мәдениетті адамдар арасындағы қарым-қатынас  әдептiлiктің үш деңгейiнде өтеді - ресми, бейтарап және күнделікті. Әдептiлiктiң әрбiр деңгейіне  қатысты өз сөйлеу стилi бар, сондықтан барлық сыпайы сөздер мен сөйлемшелер стилистикалық белгiлер бойынша жіктеленеді және сәйкесiнше ресми, бейтарап және күнделікті сөйлеу стильдерiне жатқызылады.

Ресми әдептілік деңгейінде адам арасындағы қарым-қатынас ресми жағдайында өтеді. Негізінде адамның жасы, жынысы, өздік ар намысы емес, ал сөйлеушілер арасындағы әлеуметтік жағдайы және олардың лауазымы үлкен маңыз атқарады. Әдептiлiктiң ресми деңгейi  мекемелерде, ұйымдарда, iскер топтарда, бiлiм, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларда және тағы басқа жерлерде норма болып табылады. Ресми жағдайындағы әдептiлiктiң ресми деңгейiнен ауытқуы анық сыйламаушылық ретінде қабылданып, әңгiмелесушiлердi дауға апарады тіпті олардың ресми қатынастарының үзiлуiне де әкеп соқтырады. Сондықтан әдептiлiктiң ресми деңгейi қажеттi және этикетпен ескерiлген жерлерде қатал сақталу керек.

Бейтарап әдептілік деңгейде сыпайы қарым-қатынас бейтаныс адамдардың арасында өтеді, сонымен қатар ресми мен күнделікті әдептілік жағдайына кірмейтін таныс адамдардың арасында іске асырылады.

Күнделікті әдептiлiк деңгейi  отбасылық және туысқан аралық қарым-қатынастарға тән, сонымен бiрге жолдастар мен таныстар арасында кездеседі.

Әдептiлiктiң деңгейлерiн және сөз стильдерiнiң бар болуын мысалдармен көрсетуге болады. Ағылшын азаматында сағат тоқтап қалды дейік, ол уақытты анықтап алу керек деп болжайық. Ағылшын танысынан сұрайды:

- What time is it John? Сағат қанша, Rinat?

"What time is it ?" сұрақ сөздiң күнделікті стилiне жатады және тек күнделікті тұрмыс жағдайында кездесуі мүмкін, және ол жанұяда, туысқан арасында, жолдастар мен таныстардың арасында қолданыла алады.

Күнделікті әдептілік деңгейіне "What time is it ?" жатқызылатын сұрақ ортаңғы деңгейдегі әдептілік жағдайында жеткіліксіз әдептi, дөрекі деп саналады, өйткені ағылшындықтар уақытты бейтаныс адамнан сұрағанда басқа форманы колданып сұрау керек.

Бейтаныс жолаушыдан сыпайы өтiнiшпен сұрау керек:

- Excuse me, could you tell me the time, please? - Айыпқа бұйырмаңыз, сiз сағат қанша екенін айта аласыз ба?

Сыпайы өтiнiш: "Excuse me, could you tell me the time, please?" - әдептiлiктiң бейтарап деңгейiне және сөздiң бейтарап стилiне сәйкес келедi, бiрақ "Excuse me, could you tell me the time, please ?" әдептiлiктiң күнделікті деңгейiнде, отбасы немесе достар арасында көрсетілген өтiнiш шын емес жасанды болып көрінеді.

Ресми жағдайында уақыт туралы сұрақ мүлдем орынсыз, мысалы жұмысшы адам бастығына тек қана уақытты нақтылап алу үшін ғана кабинетке кірсе бұл орынсыз болады. Тағы бір мысал. Қыстыгүнi, тайғақта, бір әйел тайғанап құлады дегенді мысалға келтірейік. Оған көмек берген адамдар - полиция қызметкері, күйеуі немесе кездейсоқ жолаушы өз қоғамдық роліне байланысты сөздерді қолданады:

- Are you all right, madam? - полиция қызметкері сұрақ қояды.

- Are you all right, darling? - қамқор күйеу тынышсызданады.

- Are you all right? - бейтаныс жолаушы сұрайды.

Келтiрiлген жаңдайларда, барлық үш тұлға - полиция қызметкері, күйеуі және жолаушы - ылғи бiр әйелден сұрайды, бiрақ одан әртүрлi сұрақ туады:

Madam - бұл әдептiлiктiң ресми деңгейiне және сөздiң тиiстi ресми стиліне жататын қаратпа сөздің бір түрі.

Darling - бұл күнделікті тұрмыс сөздердің бір түрі, әдептiлiктiң күнделікті тұрмыстық деңгейiне және тұрмыстық сөйлеу стиліне жатады. "Are you all right?" бейтаныс адамға бағытталған жан ашыған сұрағы оған көңіл аудару қызметін атқарады. Егерде "Are you all right ?" сұрағы бейтарап әдептілік деңгейінде лайықты қойылып  берiлсе, ол бейтарап әдептiлiк деңгейiне жатқызылатын болады.

Ең алдымен, коммуникацияның қатысушылары өзiнің әлеуметтiк рөлдеріне байланысты сөйлеу этикеттiң бiрлiктерiн пайдаланылады. Осында қоғамдық иерархиядағы алатын орны да, әлеуметтiк рөлдері де бұл жерде маңызды роль атқарады. Екi студенттiң арасындағы қарым-қатынаста; студент пен оқытушы арасында; басшы мен жұмысшы арасында; жұбайлардың арасында; ата-аналар мен балалардың арасындағы –этикеттiң талаптары жеке жағдайына өте әртүрлi болады. Бiр бiрлiктер біртекті функционалды бірақ стилистика жағынан басқа бірліктермен алмасып отырады. Сондықтан, аталған жағдайларда сәлем берудiң лайықты әртүрлi формулаларды кездестіре аламыз: Сәлем, Сәлеметсiз, Сәлеметсiзбе, Сәлем, Ринат Қанапияұлы.

Көп мамандандырылған бiрлiктер және сөйлеу этикеттiң қолданысы орнықты бекiтiлген бір қоғамдық топқа байланысты болады. Бұл топтар келесi белгiлер бойынша ерекшеленеді:

·                   жас шамасы: сөйлеу этикеттiң (Але, Чао, Гудбай) жастар жаргонымен ұластырылатын формулалары; (алғыс айтамын, сыпайылық көрсетiңiз) үлкен ұрпақты адамдарының сөзiндегi әдептiлiктiң ерекше формалары;

·                   бiлiм және тәрбие: тәрбиелi адамдар сөйлеу этикеттiң бірліктерін ұқыпты қолданады, Сiз - формасын кеңiрек қолданады;

·                   жыныс: әйелдер негізінен сыпайы сөзге тартады, дөрекi, жаман сөздерге жақын сөздерді сирек айтады және тақырып таңдауда өте кінәратшыл болады;

·                   ерекше кәсiби топтарға қатысты болу.

Келтiрiлген мысалдар бойынша сөздiң әр түрлi стилдермен сөйлеуге үйрену керек. Ол үшін олардың арасындағы айырмашылықтарды бiлу қажет.

Әлеуметтiк мәдениетті білмей коммуникативті құзырын құрастыру мүмкін емес. Осыған байланысты ғылыми қағида былай дейді: тек мәдениет өзінің әр түрлi көрінісінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізе алады. (Е. И. Пасов).


Категория: Мои статьи | Добавил: Zhan (04.12.2011)
Просмотров: 6251 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: